суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
-0oC
Астана:
icon
-5oC
×

Сәбит Әбдіхалықов үшінші келіншегімен түскен суреті қызу талқыға қалды

Отандық танымал продюсер әрі режиссер Сәбит Әбдіхалықов тағы да ел аузында. Ғаламтор кеңістігінде өнер иесінің әйелімен түскен суреті таралып, көпшіліктің қызу талқысын тудырды, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz».

Фото: Instagram/qaz.stars
Фото: Instagram/qaz.stars

Instagram желісінде қызу пікірталас тудырған фото qaz.stars парақшасында жарияланған. Суретте Сәбит Әбдіхалықов пен Мейрамбек Бесбаевтың келіншеткерімен бірге тұрғанын көруге болады. Желі қолданушылары бірден актердің жас әйелін танып, олардың жұптарына қатысты өз ойларын жеткізді.

Бірі қос ғашыққа бақыт тілеп қолдап жатса, екіншісі оларды сынға алған.

«Сәбит аға мықты. Ер кезегі үшке дейін деп тағы да отбасылы болды», «Әйелі әдемі екен», «Сәбиттің қасындағы қызы екен деп қалдым», «Өте жарасымды жұп», «Сәбит аға жасарып кеткендей», «Осы неге жұлдыздарды салыстыра бересіңдер. Екеуі де ел арасында аса сыйлы азаматтар», «Жеке өмірге қол сұғуға болмайды», – деп жазуда көпшілік.

Айта кетеік, осыдан екі жыл бұрын Сәбит Әбдіхалықов үшінші рет отау құрған. Оның «қалыңдығы» одан 16 жас кіші болып шықты. Және де бұл неке Сәбит Әбдіхалықов үшін үшінші болды. Оның бірінші әйелі Айгүл Иманбаевадан бір ұлы мен екінші жары болған Алтынай Жорабаевадан төрт қызы бар.

Что думаете об этом?
Нравится 4
Мне все равно 0
Забавно 1
Сочувствую 0
Возмутительно 2