пятница, 19 апреля 2024 г.
icon
448.89
icon
477.93
icon
4.76
Алматы:
icon
11oC
Астана:
icon
12oC
1xadv
×

Мөлдір Әуелбекованың бұрынғы күйеуі өзінен 18 жас кіші қызға үйленді

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекованың бұрынғы күйеуі Арыстан 18 жастағы қызға үйленді. Той Алматыдағы мейрамханалардың бірінде дүркіреп өтті, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz» Express Qazaqstan агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: moldir.auyelbekova/Instagram
Фото: moldir.auyelbekova/Instagram

Қуанышты сәттен түсірілген видео Instagram-дағы Qaz.stars парақшасында жарияланды. Арыстан болашақ жарымен ұзақ жүрмеген екен. Үшінші кездесуде өзіннең 18 жас кіші қызға сөз салыпты.

«Біз қыз бен жігіт болып ұзақ уақыт жүрмедік. Үшінші кездесуде ол маған ұсыныс жасады. Бірінші кездесуде кейін Арыстан бірден саған үйленемін деді. Уәдесін орындады»,— дейді Арыстанның жары.

Айта кетсек, Мөлдір Әуелбекованың бұрынғы күйеуі Арыстан келіншегінің есімін және оның немен айналысатынын ашып айтпады.

Мөлдір 2015 жылы Арыстан есімді кәсіпкер жігітке тұрмысқа шығып, екі жылдан кейін ажырасып кеткен еді. Араларында бір ұл бар.

Ал былтыр әншінің өзі екінші рет тұрмысқа шықты. Өнер иесі екінші рет ақ келін атанғанын Instagram парақшасында жазған болатын. Бірақ ол жарының есімін және немен айналысатының құпия ұстауда.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 1
Сочувствую 3
Возмутительно 0