вторник, 23 апреля 2024 г.
icon
445.66
icon
474.58
icon
4.78
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
16oC
1xadv
×

Ақтөбедегі Димаштың үйі жанкүйерлері үшін ашылуы мүмкін

Ақтөбеде Димаштың есімімен байланысты бірнеше нысан ашылады. Бұл туралы облыс әкімі Оңдасын Оразалин мәлім етті, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz» baq.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Оның айтуынша, Ақтөбе қаласының сәулеттік келбетін Димаш Құдайбергеновпен  байланыстыру жоспары бар.

«Ол – бүкіл еліміздің мақтанышы. Бұл адам өз талантымен барлық елдің, соның ішінде біздің өңірдің атын шығарып жүр. Бірақ оның коммерциялық жағы, ұйымдастыру жұмыстары бар екенін түсінетін шығарсыз. Қазір оның өкілдерімен осы мәселе бойынша келіссөздер жүргізілуде. Шынымен де, санитарлық-эпидемиологиялық шектеулер алынғаннан кейін қаламыздың туристерге ең бір тартымды орны Димашпен байланысты болғанын қалаймыз», —деді Оңдасын Оразалин.

Сондай-ақ, ол Димаштың есімімен байланысты абаттандырылатын бірнеше орын таңдап алынғанын атады

«Оның ішінде Димаштың үйі де бар. Бұл жерде әншінің өз қалауы мен еркіне де көп дүние байланысты. Бір жағынан, санитарлық-эпидемиологиялық шектеулерге қарамастан, осымен үшінші рет «Бақытты бала» деген Димаштың атымен байланысты фестиваль өткізіп отырмыз. Ол фестивальге әркез өзі қатысып келеді. Яғни, жоспар бар. Менің ойымша, біз белгілі бір келісімге келген соң, бұл жоспарды іске асырамыз», — деді облыс әкімі.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0