пятница, 29 марта 2024 г.
icon
448.15
icon
483.46
icon
4.86
Алматы:
icon
13oC
Астана:
icon
4oC
1xadv
×

Қытайдан 20 қазақ отбасы көшіп келді

22 сәуір күні Қытайдың Шынжаң өлкесіндегі 20 қазақ отбасы атамекеніне келді, деп хабарлайды naizager.kz.

Фото: avianews.com
Фото: avianews.com

Оларды Алматы әуежайынан «Отандас ел» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Мұқан Мамытхан бастаған елжанды азаматтар қарсы алды.

«2017-2018 жылдарыы Қытайда тұратын 100 үйге көші-қон шақыртуын жібергенбіз. Соның алғашқы легі келді. Жылдың аяғына дейін шақырту алғандар түгел келуге тиіс», — дейді Мұқан Мамытхан.

Атамекеніне оралғандардың арасындағы алпысқа иек артқан Оралтай Нұрдынай Құлжа қаласынан келіпті.

«Отбасында жеті адам бар. Қытай билігі қазір тек отбасымен толық көшетіндерге ғана рұқсат беріп отыр. Құлжадан Үрімжі-Шенг Ду арқылы төрт күн жүріп келдік. Атажұртқа жеткенімізге қуаныштымыз», — деді Оралтай Нұрдынай.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0