суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
-1oC
Астана:
icon
-6oC
×

Түркістан облысында сел жүріп, 400-ге жуық мал қырылды

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында сел жүрді. Аудан әкімдігінің мәліметінше, 24 сәуір күні жауын жауып, су тасып, сел жүрді, деп хабарлайды aikyn.kz.

Фото: Қазығұрт ауданы әкімдігінен алынды
Фото: Қазығұрт ауданы әкімдігінен алынды

Табиғи апат салдарын жою үшін аудан әкімі Арман Абдуллаев бастап, төтенше жағдай және арнайы мекемелер жұмылдырылып, арнайы техникалар тартылып, Қақпақ, Сарапхана, Шанақ, Қызылқия, Қарабау ауыл округтегі жағдайды қалыпқа келтіру бойынша жауыннан кейін суды мотопомпа арқылы шығарып жатыр.

Аудан әкімі Арман Айдарұлы Қақпақ ауыл округі Заңғар елдімекені, Қызылқия ауыл округі Қызылсенгір елдімекендеріндегі сел алған жерлерді ретке келтіру бойынша арнайы төтенше жағдай қызметкерлерімен бірге мотопомпа арқылы суды шығарып, ауыл тұрғындарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Аудан әкімінің орынбасары Т.Қалымбетов бастап арнайы көліктер мен төтенше жағдай қызметкерлері Шанақ ауыл округі Шанақ елді мекеніне сай-саладан келген судың салдарынан ауыл тұрғындарын қауіпсіз жерге шығарып, су кірген үйлерге мотопомпа арқылы судан тазартып жатыр.

Ауыл округ әкімдері әрбір елдімекенді аралау барысында Сарапхана ауылдық округі, Сарапхана, Жіңішке елді мекенінен сел өткенін анықтады. Сарапхана елдімекенінде 200-дей мал шығыны болған. Қақпақ елдімекенінде 200 жуық (қой, ешкі) малдың шығыны болған. Қарабау ауыл округі Қарабау елді мекенінде 15 үйге су кірген. Қызылқия ауыл округі Тұғыртас елді мекеніне 1 үйге, Қызылсенгір елді мекеніне 12 үйге су кірген.

Аудан әкімі селден зардап шеккен елдімекендерді қалпына келтіру және шығындарын есептеу үшін шұғыл тапсырма берді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 1
Забавно 0
Сочувствую 2
Возмутительно 0