Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен онлайн режимде «Қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдырудың тиімді жолдары» тақырыбында өткен семинар-кеңесте елімізде тұратын этнос өкілдері мемлекеттік тілді дамытуға байланысты халыққа үндеу жолдады, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы осы жиынға қатысқан парламент мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса айтты.
«Кездесуде «Ватра» Украин мәдени орталығының төрағасы Тарас Чернега, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ баспасөз хатшысы Николай Путилин, «Ахыска» түрік этно-мәдени орталығының төрағасы Әскер Пириев пен алматылық жас жігіт Евгений Демиденко ел тұрғындарының жетпіс пайыздан астамы мемлекет құраушы ұлт өкілдері болған соң, көпшілік азшылыққа үлгі болып, еліміздің әрбір азаматы мемлекеттік тілдің маңыздылығын тереңдігін түсініп, сөзден нақты іске, яғни тілді үйренуге көшсе деген ойларын айтты», – деді ол.
Одан кейін ол кеңесте «Ахыска» түрік этно-мәдени орталығының төрағасы Әскер Пириевтің бір оқиғаны еске алғанын айтты.
«Әскер Пириев мынадай жан тебірентерлік оқиғаны айтып берді. Іскер байланыс орнатуға келген еуропалық бір азамат қазақ тілін білмей тұрған кәсіпкермен жұмыстас болудан бас тартыпты. Себебін сұраса, туған елін қадірлемейтін адам ешнәрсенің қадірін ұға алмайды, қасиетсіз адамдармен кәсіп құру қауіпті деген екен.
Әскер сөзін: «Қазақтың бауырсағы тәтті, табиғаты сая, ауасы шипа, тағамы дәмді болғанда, тілі неге тәтті болмайды?!» деп аяқтады. Кездесу соңында нақты ұсыныстар мен пікірлер ескеріліп, республика жұртшылығына үндеу жарияланды, деді ол.
Үндеудің толық мәтіні:
Біз этномәдени бірлестік басшылары!