суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-3oC
Астана:
icon
-6oC
×

Қазақстан шетелден 640 млрд теңге қарыз алмақ

Бәрін геосаяси шиеленіске жүктеп қойып, жауапкершіліктен қашуға болмайды. Сенат төрағасы экономикалық өсімді қамту үшін ішкі ресурстарды іздеу қажеттігін айтты деп хабарлады turkystan.kz.

Фото: turkystan.kz
Фото: turkystan.kz

Мәулен Әшімбаевтың сөзінше, біздің экономика мұнайдың бағасына байланған. Бұл – дұрыс емес. Оның ойынша, бұл өз кезегінде бюджет тапшылығына әсер етеді. Ал бюджет тапшылығы салдарынан сырттан қарыз алуға тура келетін көрінеді.

«Бір жағынан, банктер экономиканы несиелендірмейді немесе жоғары пайыздық мөлшерлемемен несие бермейді. Екінші жағынан, біз халықтың ақшасы арқылы шағын орта бизнес үшін пайыздық мөлшерлемені субсидиялаймыз. Тек «Даму» қорының желісі бойынша биыл 170 миллиард теңге бөлеміз. Осылайша, біз жоғары пайыздық мөлшерлемені сақтай отырып, соны төмендетуге тағы бюджеттен жұмсап отырмыз. Әлбетте, бұл мемлекеттік органдарға да, банктерге де қолайлы. Өйткені тәуекел мен жауапкершілік аз.

Бюджет тапшылығы 3,3% деңгейінде қалып отыр. Оны толтыру үшін сырттан 640 млрд теңге алынады. Ал ішкі көздер 780 млрд-қа төмендетіледі. Сонда бір жыл ішінде тапшылық болмашы күйде ғана жабылып отыр. Бірақ бізде қаражат жоқ деп айту дұрыс емес, ішкі ресурстар бар», ― деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 3
Сочувствую 8
Возмутительно 0