Тележүргізуші Диана Қырықбай қарапайым қызды әдемі ету үшін екі млн теңге қажет екенін айтты, деп хабарлайды Sn.kz.
Бұл туралы ол Tik Tok желісіндегі парақшасында жариялады.
«Ләйлә Сұлтанқызы сұхбат барысында маған мынадай сұрақ қойды: «Қарапайым қызды «соска», әдемі қылу үшін қанша ақша қажет?» — деді.
«Мен шамамен есептедім, қазіргі кезде арзан нәрсе жоқ. Екі миллион теңге дедім. Неге? Мысалы, шаштарын бояп жүрген қыздар жақсы біледі. Оған жоқ дегенде 80 мың теңге керек. 80 мыңға әдемі балаяж жасайды.
Бірақ сен балаяжбен тоқтап қалмайсың. Бет күтімдері бар, плазмасы бар, терапиясы бар. Минимум 30,40 мың кетеді. Айына оны 4-5 рет жасау керек.
Әрі қарай косметика сатып аламыз, лазерлік депиляция жасаймыз. Мен базалық күтімді ғана айтып тұрмын. Соның өзіне екі миллион теңге кетіп қалады. Бірақ мен ондай ақша құртпаймын. Мен жай, жай жасай бастаған адаммын. Қазір бәрін бартерге жасаймын. Сондықтан «Диана бет күтіміне екі миллион теңге жұмсайды» дегенді тоқтатыңдар», — деді Диана Қырықбай.