вторник, 26 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-4oC
Астана:
icon
-4oC
×

Шымкенттегі абақтының 17 қызметкері жазаланды

Шымкенттегі уақытша ұстау абақтысының 17 қызметкері өз міндеттерін бұзғаны үшін қатаң тәртіптік жазаға тартылды. Бұл шара жуырда абақтыдан күдіктінің қашып кетуіне байланысты қолданылып отыр деп хабарлады turkystan.kz Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне сілтеме жасап.

Фото:  turkystan.kz
Фото: turkystan.kz

Аталған департаменттің баспасөз қызметі мәліметінше, 17 қызметкерден бөлек, аталған абақтының тағы 1 қызметкері жұмысынан босатылды.

«Шымкент қаласының полиция департаменті аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 426-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Ал Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметтік тексеру жүргізуде. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қалған деректері жария етуге жатпайды», ― делінген департаменттің хабарламасында.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 1
Сочувствую 1
Возмутительно 0