пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
9oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

Тұрсынбек Қабатов партия құратыны рас па?

Әртіс, әзілкеш Тұрсынбек Қабатов саяси партия құрғалы жатқаны туралы ақпаратты теріске шығарды.

Фото: пресс-служба управления культуры и спорта города Астаны
Фото: пресс-служба управления культуры и спорта города Астаны

«Бұл туралы осы қазір сіздің аузыңыздан естіп отырмын. Мен өзім гастролдік сапарда жүрмін. Партия ашқаны несі?! Саясатқа араласу ойымда да жоқ. Партия құру жөніндегі ақпарат — жалған. Біреулердің еріккеннен жасап жүрген әңгімесі шығар», — деді Қабатов Қамшы тілшісіне.

Бұған дейін «Адырна», Kznews.kz ақпарат порталдарында Тұрсынбек Қабатов «Абырой» деген атпен партия құратынын туралы ақпарат шыққан.

«КВН жұлдызы ұлты мен дініне қарамастан Қазақстанның барлық тұрғындарының басын біріктіруге ниетті. Алдын ала мәліметтер бойынша, партия бағдарламасында өзге міндеттердің қатарына бірліктің бірегей қазақстандық моделін сақтап қалу және арттыру, елде өмір сүретін барлық халықтардың арасындағы берік достықты күшейту кіреді» делінген аталған порталдардағы ақпаратта.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 4
Возмутительно 0

В статье: