воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
4oC
Астана:
icon
1oC
×

Ералы Тоғжанов Қазақстан үшін негізгі үш қауіп-қатерді атады

Елдегі гидрологиялық қауіп-қатерлер су шаруашылығы саласындағы мәселелерді шешуді қиындатады. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

«Біз келесі қауіптер туралы айтып отырмыз. Біріншісі – климаттың өзгеруі. Болжамдар бойынша 2035 жылға қарай жер бетіндегі ауа температурасының үздіксіз жоғарылауы күтілуде. Екінші қауіп – трансшекаралық ағындар көлемінің қысқаруы. Бұл Қазақстанның экономикасының дамуына және экожүйесінің жағдайына кері әсер етеді. Үшіншіден, су ресурстарын дұрыс пайдаланбау», – деді Ералы Тоғжанов.

Оның пікірінше, су тапшылығы климаттың өзгеруі, экономикалық белсенділіктің артуынан болуы мүмкін.

«Бұл тәуекелдерді азайтудың негізгі факторы – ресурстарды тиімді басқару, қолданыстағыларды жаңғырту және жаңа инфрақұрылымды дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру, жасыл технологияларды пайдалану және өндірістің қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайту», – деп толықтырды премьер-министрдің орынбасары.

Ералы Тоғжановтың айтуынша, бүгінде ел тұрғындарының 96%-ы сумен қамтылған. Ауылдық елді мекендерде су құбыры желілерін салу және қайта жаңғырту жұмыстарын жалғастыру есебінен 2025 жылға қарай халықты 100% сумен қамту жоспарлануда.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: