пятница, 19 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
12oC
Астана:
icon
13oC
1xadv
×

«Бәрі бітті»: Меруерт Түсіпбаева сүйіктісімен айырылысқанын айтты

Әнші Меруерт Түсіпбаева желіде жеке өмірінде орын алған жаңалықтарды бөлісті. Өнер иесі жүрегіндегі сезімі өшіп, сүйіктісімен айырылысып кеткенін жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram / meruert_tusupbaeva
Фото: Instagram / meruert_tusupbaeva

Түсіпбаева енді жүрегі бос болғанымен ешкімді күтпейтінін кесіп айтты. Әртіс әсерлі жазбасын Instagram парақшасында жариялаған.

«Адам қайтыс болғанда, туған-туыс, дос-жаран жиналып, жоқтап-жылап, соңғы сапарға шығарып салады. Ал талай жылдар бойы жүрегіңнің түбінде сары майдай сақтаған сезімің өлгенде ше? Қалай жоқтауға болады?! Мен бүгін махаббатымды көмдім. Ақиық ақын Фариза Оңғарсынова: «Өзіңді жерлеп келіп, жапа-жалғыз отырмын. Меңіреумін. Айналамда қыстыққан еңіреулі үн... Әлем деген қап-қара бұлтқа оранып, Жердің бетін кеткен бе-ау құрттар алып. Есі ауысқан шығар бұл сығыр құдай, Сосын, сосын... денемді бұрынғыдай Аймалаған секілді сенің ернің», – деп өзінің махаббатымен қоштасқан екен кезінде.

Осы күндердегі жан сезімімді ақын әпкемнің өлең жолдарымен ғана жеткізе алармын. Өтінемін, сұрақ қоймаңыздар. Бәрі бітті. Бүгінгі күннен бастап менің жүрегім бос! Енді ешкімді күтпеймін, ұялы телефоным өшіп қалса, алаңдамаймын. Енді тек бақытымды жырлаймын», – деп ағынан жарылды әнші.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0