вторник, 9 августа, 2022
icon
476.62
icon
485.53
icon
7.96
Алматы:
icon
30oC
Нур-Султан:
icon
18oC
Подпишитесь на нас:
Фридом Финанс
Биржа kase признала АО «Фридом Финанс» победителем в 6 номинациях по итогам 2021 года
ffin.kz

«Ұлдарымның өлімін өзімнен көремін»: Асанәлі Әшімов екі баласының қайтыс болған сәтін еске алды

Қазақ КСР Халық артисі, Қазақстанның еңбек ері Асанәлі Әшімов биыл 85 жасқа толды. Бір ғасырға жақындаған ғұмырында абыз актердің көрген қуанышы мен қиыншылығы көп болды. 1993 жылы жұбайынан, ал 1999 жылы қос ұлынан айырылды. Әшімов бұл қиындықты қалай өткергенін әңгімеледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Ұлдарымның өлімін өзімнен көремін»: Асанәлі Әшімов екі баласының қайтыс болған сәтін еске алды

Кадр из видео

«Жаның бөлек болған соң, тірі болып тіршілік жасауға тура келеді екен», деп көзіне жас алды абыз актер. Ол қос ұлының өліміне неге өзін кінәлады? Ұлдарының соңғы демі шыққанда не сезінді? Бұл туралы Нұрсейіт Жылқышыбайдың «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына ағынан жарылып сұхбат берді.

Жұбайынан, артынан Сағи мен Мәдиінен айырылған Әшімов бұл сынақтан өткеніме «өзім де таңғаламын» дейді.

«Өзім де таңғаламын. Кітап жаздым, оны роман етейін деп жазғаным жоқ. Майрамен (бірінші жұбайы) әңгімелесейін деп жаздым. Екіншісі – «Жан бөлек» деп балаларға арнап жаздым. Үйде есікті іліп алып, айқайлаған кезім болды. Тауға шығып алып, Майра деп айқайлайтынмын. Сондай әрекеттермен аман қалдық. Ауырдық, ауруханаға түстік. Жан бөлек болғаннан кейін, тірі адам тіршілігін жасайды екен. Қазір екінші өмір басталғандай. Адам тірі жүрсе, бәрін көре береді екенсің. Өмірім біркелкі өткен жоқ, жақсылық та, жамандық та болды», – дейді Асанәлі Әшімов.

Актер өмірде тіл мен көздің барына сенеді. Екі ұлының қатарынан кетуін Әшімов дәл осымен байланыстырады.

«Тіл-көзге сенемін, тіпті көз жеткіздік десем болады. Менің жанұяма тіл тиді деп жаздым да. Екеуінің еш себепсіз қатар кетуінен солай ойладым», – дейді актер.

Әшімов ұлы Мәдидің соңғы демі шығарда жанында болған. Сонда ұлына қарап, өзінің қаншалықты шарасыз екенін түсінген. Кеңес заманында Құдайдың жоқ екеніне сеніп өскен актер ұлдары қайтыс болған соң, ойының өзгергенін атап өтті.

«Біз атеист болып өстік қой. 70 жыл бізге Құдай жоқ деп үйретті. Бірақ екі балам кеткенде Құдайдың бар екенін сездім. Мәдиім ауырып жатқанда «Аға, уайымдамаңыз, 20 күннен кейін шығамын», деді. Одан 20 күн өткен соң, жағдайы ауырлады. «Балам-ау, мынау не?» дегенде, «Жай әшейін» деп мені тыныштандырды. Ең соңғы тілі байланып жатқанда маған ұзақ қарады. Сонда: «Аға, сіз құдіретті едіңіз, мені құтқару қолыңыздан келмеді ме?» дегендей болды. Маған Құдайдай сенгені ғой. Ал Сағи аяқ астынан кетті. Бөлек тұратын. Үйге келіп қонып, апаммен екі сағат сөйлесіп, ваннаға ұзақ түсті. Залға жатайын деп төсек салып, жатып қалды. Содан таңертең тұрмай қалды ғой. Мәдиім екі айдай ауырды. Аралары 1,5 жас еді, біреуі жылдың басында, біреуі соңында кетті. Обал болды», – деп көзіне жас алды Әшімов.

Актер ұлдарының өліміне өзін кінәлайды. «Кейбір жасаған күнәларым үшін Жаратушы солай жазалады» деп ойлайды.

«Кейде өзімнен көремін. Даңдайсып кетіп қалған кездеріміз болды. Алла Тағала кішкене қағып жіберді ма деймін. Атақ-абыройлар көтеріп жіберген кездер болды. Мәссаған деп көрсетейін деп төбемнен бір-ақ ұрғандай», – дейді Асанәлі Әшімов.

В статье:
Что думаете об этом?
Написать комментарий
Последние новости
13:00
БАҚ: Бекболат Тілеухан Түркия азаматтығын алуға өтініш берді БАҚ: Бекболат Тілеухан Түркия азаматтығын алуға өтініш берді
12:46
В два раза увеличат стипендии казахстанским студентам В два раза увеличат стипендии казахстанским студентам
12:33
Крупная катарская компания отправила сотрудников на отдых в Алматы. Что их привлекло? Крупная катарская компания отправила сотрудников на отдых в Алматы. Что их привлекло?
12:21
23 задержанных во время январских событий пытали в Талдыкоргане – Генпрокуратура 23 задержанных во время январских событий пытали в Талдыкоргане – Генпрокуратура
12:07
Республиканская комиссия распределила вузы в гранты Казахстана Республиканская комиссия распределила вузы в гранты Казахстана
11:56
Россияне недовольны агрессивной продажей казахстанского алкоголя в Тюменской области Россияне недовольны агрессивной продажей казахстанского алкоголя в Тюменской области
11:42
Военнослужащая заявила о домогательствах со стороны офицеров в Капшагае Военнослужащая заявила о домогательствах со стороны офицеров в Капшагае
11:28
Два картофельных и кукурузных поля обследовали в поисках девочки в Костанайской области Два картофельных и кукурузных поля обследовали в поисках девочки в Костанайской области
11:14
«Избей меня за предупреждение»: Как казахстанцы выражают протест через искусство и перформансы? «Избей меня за предупреждение»: Как казахстанцы выражают протест через искусство и перформансы?
11:00
Лотосы зацвели в Атырауской области – фото Лотосы зацвели в Атырауской области – фото
10:47
Депутата Мади Ахметова казахстанцы требуют отправить в армию Депутата Мади Ахметова казахстанцы требуют отправить в армию
10:33
Погибший в 1994 году лидер кровавой ОПГ из России может скрываться в Караганде Погибший в 1994 году лидер кровавой ОПГ из России может скрываться в Караганде
10:19
Стали известны подробности гибели малышки в детсаду в Нур-Султане Стали известны подробности гибели малышки в детсаду в Нур-Султане
10:05
«Минимум 400 тыс»: Многодетные матери на юге РК требуют школьную форму для своих детей «Минимум 400 тыс»: Многодетные матери на юге РК требуют школьную форму для своих детей
09:51
Водители Шымкента не могут найти газ на заправках Водители Шымкента не могут найти газ на заправках
Смотреть все
Эксклюзив
Интервью и мнения