Ата-анасы жоқ жетім қыз ұзату тойында сыңсу айтып, бүкіл елді жылатты
Ата-анасынан айрылған қыз ұзату тойында сыңсу айтып, дүйім жұртты жылатты. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Фото: сaravan.kz
Ұзату тойында айдай сұлу қыздың сыңсуы өте әсерлі де, мағыналы.
«Көрмесем де әкенің махаббатын,
Сезбесем де ананың шапағатын.
Нәнәшім барлығының орнын басқан,
Өзің болдың, отбасым, қорғанышым.
Нәнәшім жан жүрегім жалғызымсың,
Бар тірегім, қорғаным бір өзіңсің.
Әке менен ананың орнын басқан,
Нәнәшім бір Алланың сыйлығысың.
Сездіріп жылулықтың не екенін,
Көрсеттің бар әлемнің кереметін.
Құрсағыңды жарып мен шықпасам да,
Құрсағыңнан тыс біткен мен екенмін.
Есімнен кетпейтұғын мына сөзің,
Қызысың менің емес, бір әулеттің.
Ұятқа қалдырмағын мына мені,
Атаң менен алаңның сен ізісің.
Нәнәшім, сені ұятқа қалдырмаймын,
Артымнан жаман атты болдырмаймын.
Барған жерім тәрбиеме сөз айтпайтын,
Үлгілі келін деген сөз жинаймын.
Иіліп алғыс айтам мен өзіңе,
Жетпейді мың мақтауым бір сөзіме.
Қызым деп әркез мені мәпелеген,
Ана деп айтқым келед бүгін сізге!
Көзіңнен аққан бір тамшы жасы мен үшін,
Күллі әлемнің мұхитынан да тұңғиық.
Тіліңнен тамған жылы лебізің мен үшін,
Күннің көзінің жылуынан да ып-ыстық», — деген сыңсу орындалды.
Тойға жиналған дүйім жұрт көз жастарына ерік берді.
-
Уголовное дело завели против сепаратистов из Петропавловска, объявивших о своей независимости31.03.2023, 06:41Загадочно умер отец одного из насильников второклассника в Алматинской области31.03.2023, 16:33Подросток заказала убийство матери, чтобы жить с парнем31.03.2023, 14:15Айтыскер ақындар жаңадан сайланған депутаттарды мазақ қылды31.03.2023, 13:04Актюбинец через суд добился сожительства с бывшей женой и ее возлюбленным31.03.2023, 10:09Получивший ножевое ранение аким пришел в сознание31.03.2023, 03:29
-
03:00Рассылку о повышении пенсий на 30-50% распространяют в соцсетях01:00«Цена увеличится минимум в пять раз»: В РК могут подорожать лекарства00:00Полицейский задержан по подозрению во взятке в Уральске