воскресенье, 28 апреля 2024 г.
icon
443.35
icon
475.54
icon
4.82
Алматы:
icon
10oC
Астана:
icon
16oC
1xadv
×

«Ұят, масқара»: Баян Алагөзованың Қуандық Шәкіржановпен сүйіскен видеосы тарады

Баян Алагөзова тағы да ел назарына ілікті. Атышулы продюсердің кинодағы әріптесі Қуандық Шәкіржановпен сүйіскен видеосы тарады. Бұл – Баян Мақсатқызының актермен жақындасқан екінші бейнежазбасы, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: stan
Фото: stan

Кинода сирек бой көрсететін Баян Алагөзова бұл жолы отандық кинокомедияда басты рөлдердің бірін сомдаған. Түсірілім алаңындағы серіктесі – актер Қуандық Шәкіржанов.

Бұған дейін қос өнер иесінің сүйіскен видеосы желіні шулатқан еді. Хайп жасауда алдына жан салмайтын продюсер мақсатына жетсе керек, ол әрекетін тағы да қайталауға бел буыпты. Алайда жасы 50-ге таяған әрі тұрмыстағы продюсердің бұл әрекетін көпшілік құптамай отыр.

«Ойбай, Қуандық ағау, қартайғанда осындай рөл бұйырған ба», «Ұят-ай, масқара, ұл қыздары, келіншегі бар шығар», «Үлкен кісіге біртүрлі екен», «Ол еркекті ақыры ажырастырып тынбаса болыпты», «Ақша үшін не істемейді адам», «Қандай жиіркенішті», «Ұят жоқ», - деп сынады желі қолданушылары.

Что думаете об этом?
Нравится 48
Мне все равно 7
Забавно 4
Сочувствую 95
Возмутительно 16