понедельник, 25 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
4oC
Астана:
icon
1oC
×

«358 мың теңге кетті»: Жұлдыз Әбдікәрімова мектеп формасының құнына шағымданды

Жұлдыз Әбдікәрімова мектеп формасының құнына шағымданды. Актрисаның айтуынша, Аймағамбетов айтқан 36 мың теңгеге мектепке қажетті заттардың бәрін алу мүмкін емес. Ол балаларына керекті киімдерді жарым-жартылай алғанның өзінде 358 мың теңге жұмсағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial
Фото: instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Әбдікәрімова халық ұсынған арзан дүкенге барып көргенін айтты. Сөзінше ол жерден 4 галстук пен бір белдемше алып, оның өзіне 16 мың теңге төлеген.

«Министрді қаралау мақсатым емес. Ол кісінің жұмысына, білім саласына әкелген тың өзгерістеріне ризамын. Байқасаңыздар, билік өкілдерінің ешқайсысына жақын емеспін. Бірақ осы министрдің жүзі жылы, оқыған, көрген, білімді адам деп қабылдаймын. Ал мектеп формаларының арзан емес екені шындық. Өз басым туғаныма жақпаса да, шындықты айтқанды ұнатамын. Сондықтан қазіргі халықтың шындығы — мектеп формасының қолжетімсіздігі. «Президент келе жатыр, министр келе жатыр» деп, ең жақсы дүниесін шығарып, арзандатып қоятындар бар. Сөйтіп, «Керемет Қазақстанды» көрсетіп қояды. Ал қарапайым халық келсе, «Реально Қазақстанға» түседі», — дейді Әбдікәрімова.

Әбдікәрімова ақыр аяғында үш баланың мектеп формасына 358 мың теңге жұмсағанын айтты.

«Оның өзінде қажетті киімнің бәрін алмадым. Бұл соммаға кеңсе тауарлары кірмейді», — дейді Жұлдыз.

Что думаете об этом?
Нравится 4
Мне все равно 2
Забавно 5
Сочувствую 11
Возмутительно 2