пятница, 29 марта 2024 г.
icon
448.15
icon
483.46
icon
4.86
Алматы:
icon
13oC
Астана:
icon
4oC
1xadv
×

«Бәріміз бір өмір жолын бастап едік»: Мейрамбек Бесбаев сыныптастарын көрсетті

Мейрамбек Бесбаев балалық шағына оралып, мектеп кезінде қандай болғанын көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

Фото: instagram.com / m_besbaev
Фото: instagram.com / m_besbaev

Әнші Instagram парақшасында бұған дейін еш жерде жарияламаған суретін жариялаған.

Онда өнер иесінің ұстазы мен сыныптастарымен бірге тұрғанын көруге болады.

«Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік, Бәріміз бір өмір жолын бастап едік. Армандастар қайда? Абзал достар қайда? Замандастар, қарлығаштар қайда екен», — деген өлең шумақтарын жазды әртіс.

Желі қолданушылары Бесбаевтың кішкентай кезіндегі фотосына сүйсіне қарап, оған жылы лебізін жаудырған.

«Керемет естелік»;

«Сыныптастарыңыз сізбен мақтанатын шығар»;

«Қызыңыз да, ұлыңыз да өзіңізге ұқсаған екен»;

«Сондай сүйкімді болыпсыз»;

«Тәтті балалық шақ»;

«Мектеп кездеріне, сыныптастарға ешкім жетпейді»;

«Замандастар, достар аман болсын. Мектеп қабырғасындағы кездерді сағынамын», — деп жазуда оқырмандар.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 1
Возмутительно 3