Атышулы продюсер Instagram-ға күйеуі Нұртас Айдарбековтің жас кезіндегі суретін жүктеген.
Аталған фотоның астына балаларының әкесін Сұлтан Бейбарысқа ұқсатып, төмендегідей жазба қалдырыпты.
«Сұлтан Бейбарыстың жас кезіне ұқсайды екен. Бұл кісіні танығандар бар ма?» — деп желідегі жұртқа сауал жолдаған.
Тарихты жақсы білетін желі қолданушысының бірі Сұлтан Бейбарыстың бейнесін суреттеп, продюсердің бұл теңеуіне мысқылдап жауап жазыпты.
«Сұлтан Бейбарыстың көзі көк, сақал-мұртты, қасы қалың ойықтай болған. Сіз де ұқсатыпсыз», — деді оқырмандарының бірі.