суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
4oC
Астана:
icon
-4oC
×

Журналист Ирина Тен қазақ тілі мәмбеттердің тілі екенін айтты

Қазіргі жастардың санасына «Мәмбет» деген сөз бір қараңғылықтың, надандықтың баламасы болып қабылданады. Бұл туралы әлеуметтік желіде журналист Ирина Тен жазды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Фото: iris_ten10
Фото: iris_ten10

«Қазақ тілі — мәмбеттердің тілі. Ол рас.


«Мәмбет» сөзінің мағынасын түсіне білгенге. Қазіргі жастардың санасына «Мәмбет» деген сөз бір қараңғылықтың, надандықтың баламасы болып қабылданатыны жасырын емес. Ауылдан келген болса, кез келген біреу сәл мәдениетсіздік танытса, орысшаға тілі сәл шорқақ болып жатса, тіпті жол ережесін бұзса бейтаныс біреуді осылай атай салатындар бар енді.

Ендеше, білмегендермен бөлісейін, білетіндердің есіне салайын. «Мәмбет – Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың құрметіне қойылған есім. Сөз түбірі арабтың «хәмд» мақтау сөзімен төркіндес. «Мұхәммәд», «әхмәд» сөздері мақтаулы, мадақтаулы деген мағынаны білдіреді».

Ал тарихта үш жүздің басын қосып, ел бастаған Абылай ханның сенімді серігі болған Мәмбет батыр Күнбасұлының, Сыр еліне аты белгілі Мәмбет әулие Олжабайұлының есімдері кездеседі. Оны бірі естісе, екіншілері мұндай адамдардың болғанынан да бейхабар.

Так что, кім де кім дейді, екінші біреуді кемсіту, төмендету мақсатында «мәмбет» деп атаса дейді, өзінің білімсіздігін әлемге паш еткені дейді. Әлем демей ақ қойсақ та, өзіне және «қарсыласына» кімнің шынымен қараңғы екенін түсінуін жеңілдетеді», — деп жазба қалдырды журналист.

Что думаете об этом?
Нравится 3
Мне все равно 1
Забавно 10
Сочувствую 0
Возмутительно 19

В статье: