Халық әртісі Мақпал Жүнісова күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің соңғы жазған хатын көрсетті. Әнші жұбайының соңғы жазбасын Instagram парақшасында жариялаған, деп хабарлады KAZ.NUR.KZ.
«Зәкең (Заманбек Нұрқаділов - ред) өмірден өткен соң өз қолымен жазып кеткен жазба табылған еді. Бәрін сезген екен. Екі ай 10 күн қалғанын кім білген?», — деп жазды Мақпал Жүнісова.
Ақ параққа жазылған хат соңында Заманбек Нұрқаділов өз қолтаңбасын қалдырған.
«Күшейтер саған қорғанын. Жау жеңіліп, сен жеңіп, Үзерсің шынжыр торларын. Әсем ән әлі құлпыртар Жарық айдың толғанын, Елің көрер ертең-ақ Мерей сендей болғанын. Сендерге қидым қайшымен Ғұмырымның қалғанын. Өнерді мәңгі алғасын, Алла берсін жалғасын. Әумин!» — деп жазылған Жүнісова көрсеткен жазбада.
Айта кетейік, осыған дейін Мақпал Жүнісова отандық бағдарламаға түсу үшін 18 жыл күткенін айтқан болатын.
«Осы хабарға түсіруге болмайды» деген қара тізімде болып едік... Дүйсенбіде түсіреді екен. «Көрермендер болады» дейді. Көрермендердің болатынын мен түнде біліп жатырмын. Сіздер қалай ойлайсыздар? Осы хабарға шақыртуды 18 жыл күтіппін. Шынымды айтсам, ол жағын зерттеген жоқпын», — деді Мақпал Жүнісова.