Танымал әнші Төреғали Төреәлі туған күнін атап өтті, деп хабарлайды Экспресс К.
Өнер иесі отыз жасқа толғанын Instagram-дағы парақшасында өлең шумақтарымен білдіріпті.
«30 ға келіп мінекей
Тасып жатыр мерейім.
Бұл жасыма жеткенше
Тақылдады таңдайы
Бүлкілдеді көмейім.
Тілекші болса ел-жұртым
Әлі де жырлар төгейін.
Бойымдағы өнерді
Қайдан ғана бөгейін,
Тентектігім де бар еді
Тектілігім де бар еді
Одан артық не дейін.
Батаңды берші ағайын
30 да мен де шабайын
Морда бұзып болдым ғой
Орда бұзып көрейін», — деп жазды әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Төреғали жыл сайын туған күнін Алматыдағы ең қымбат мейрамханалардың бірінде атап өтетін еді. Бұл жолы да әнші сол дәстүрді жалғастырмақ.
Ол бүгін өтетін думанды кешіне бүкіл эстрада жұлдыздарын шақырып қойған көрінеді.
Шатаққұмар әнші жақында жас жігіттің қабағын жарып, қамаудан кепілақы беріп босап шыққанын көпшілік біледі. Осы оқиғадан кейін Төреғали енді төбелеспейтінін жеткізген болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Төреғали Төреәлі гидті соққыға жыққаны үшін қамауға алынған. Кейін әнші 10 млн теңге кепілақы беріп, бостандыққа шыққан-ды.