понедельник, 25 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
3oC
Астана:
icon
1oC
×

Қайрат Нұртастың отбасы талқылаған WhatsApp-тағы чат желіге тарап кетті

Айдарбековтер отбасы тағы да елдің аузында. Бұл жолы атышулы әулеттің өзара WhatsApp-та талқылаған әңгімесі ғаламторда пайда болды, деп хабарлайды Экспресс К.

Фото: instagram.com / zangaar
Фото: instagram.com / zangaar

Алғашқыда қазақы болмыспен елге танылған Айдарбековтер жанұясының бүгінде тілі шұбарлана бастаған сияқты.

Әлеуметтік желіге жүктелген видеода Қайраттың ата-анасы мен інілері «Нұртас әулеті» атты WhatsApp тобында үйдің ортаншы ұлы — Аянды туған күнімен құттықтап, өзара орыс тілінде талқыға салғанын аңғаруға болады.

Бұл бейнетаспаны сол отбасының кенжесі Заңғар өзінің Instagram парақшасына жариялаған.

«Демал брат, бүгін рұқсатымды бердім. Жақсылап қыдыр», — деп жазды Заңғар Нұртас орыс тілінде.

Бұл әулеттте өзге тілде шүлдірлеу үйреншікті жағдайға айналған сияқты. Кіші ұлының сөзін ары қарай отағасы Нұртас Айдарбеков жалғастырып, орыс тілінде жауап берді.

«Жоқ, бәрі дұрыс. Демалсын, бірақ шектен шыққанша қыдырудың қажеті жоқ. Мұқият, адамша дегендей...», — деп Қайрат Нұртастың әкесі орысша аудиожазба жіберген.

Сондай-ақ Заңғар Нұртас аталған WhatsApp чатта отбасы мүшелерінің телефон нөмерін де ерекше сақтап қойыпты.

Мәселен, әкесі Нұртас Айдарбековті — 01, ортаншы ағасы Аянды — 02, ал танымал әнші Қайрат Нұртастың жеке нөмерін — 03 деп белгілеген екен.

Что думаете об этом?
Нравится 107
Мне все равно 6
Забавно 25
Сочувствую 8
Возмутительно 6