суббота, 4 мая 2024 г.
icon
444.14
icon
477.05
icon
4.85
Алматы:
icon
21oC
Астана:
icon
18oC
1xadv
×

«Қарапайымдылық»: «МузАРТ» концертінде сахнаға шығып алған қария залды шулатты

«МузАРТ» тобының Қарағанды қаласында өткен концерті кезінде күтпеген жағдай болды. Топ өнерпаздары ән шырқап тұрғанда, көрермен қария сахнаға шығып кетті, деп хабарлайды «Экспресс К».

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Мейрамбек Бесбаев зейнеткерге жылы шырай танытады. Ал Сәкен Майғазиев әнді көзін жұмып алып, беріліп айтып тұрғаны соншалық, алғашында қарияны байқамай қалады.

Кейін қарт тұрғын әншінің қасында тұрып, әнді жанды дауыста шырқайды. Осы кезде бүкіл зал атаға қошемет көрсетті.

Бұл сәттің видеосын Сәкен Майғазиев Instagram-дағы парақшасында жариялады.

«Концертте мынандай қызық болды. Сезімге беріліп, көзімді жұмып ән салып тұрғанмын. Көзімді ашып қалсам, қасымда атам тұр», — деп жазды әнші.

Видеоны көрген желі қолданушылары топ мүшелерінің қарапайымдылығын алға тартып, қарияның дауысына тәнті болды.

«Төреғали сияқты қуып шықпады, қарапайым әншілер»;

«Не деген ақкөңілділік, не деген қарапайымдылық. Мақтан етемін. Қарияны сыйлағандарыңыз жүректі тебірентті»;

«Ғажап»;

«Аман жүріңіздер»;

«Керемет»;

«Атамыздың дауысы тамаша»;

«Ата аман болсын»;

«Әсерлі сәт»;

«Қариялар — біздің қазынамыз. Фонограммасыз орындалған әннен атамның шабыты оянған ғой»;

«Қарияның дауысы тамаша екен», — деп жазды желі қолданушылары.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

 

Что думаете об этом?
Нравится 1
Мне все равно 2
Забавно 3
Сочувствую 3
Возмутительно 226