Желі жұлдызы, әрі модель Мәдина Мамадалиева оқырмандарына бағалы заттарды көбіне өзіне көңіл білдірген жігіттердің сыйға тартқанын ашып айтты, деп жазады cosmo.kz.
«Уақыт, махаббат. Ал материалды заттардан — сағат, әшекей-бұйымдар, көлік. Бағалы сыйлықтарды мен тек қарым-қатыснаста жүргенде ғана аламын. Мен үшін тарту ол – шынайы сезімнің белгісі», — деп Мадлен оқырмандарына жауап берген.
Сосын ол керісінше ер азаматтарға қандай жағдайға ғана сыйлық беретіні жайлы да айтты.
«Егер ол оған лайық болса, мен бағалы сыйлықты аямаймын. Ең бастысы оның маған келгенде қолы ашық болуы қажет. Себебі, егер жігіт сіз үшін қолындағысын бермесе, неге оған көңіл бөлесіз?» — деп кеңес береді блогер.