пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
0oC
Астана:
icon
-4oC
×

«Қызымды Африкаға алып кетті»: Араб жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы үш жасар сәбиін қайтара алмай жүр

Павлодарлық Гүлназ Эль-Шербини Ахмед үш ай бұрын Египетке қыдырып барып, қызын жоғалтып алды. Мысырлық күйеуі кішкентай Жәмиләні ертіп, «вокзалға барып келеміз» деп қайтып оралмаған. Отандасымыз үш айдан бері қызының не өлі, не тірі екенін білмей, дабыл қағуда. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы «Koremiz» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Гүлназ Қайырбекова - кәсіби биші. Ол Астанадағы мемлекеттік филармонияда би ансамблінде өнер көрсетіп, шетелге жиі шығып тұрған. 2017 жылы гастрольдік сапарлардың бірінде ол Оман елінде ұйымдастырушылардың бірімен танысқан. Омандық жігіт оның күйеуі — Амир Эль-Шербини.

Бұл Гүлназдың екінші некесі. Бұған дейін ол қазақ жігітімен үйленіп, онымен ажырасып кеткен. Бірінші некесіне ортақ бір қызы бар.

«8 тамыз күні сағат 3 жарым кезінде әпкесін вокзалдан күтіп алатынын айтты. Өзімен бірге қызымды алып баратынын айтты. Қызымды киіндіріп, ешқандай жаман ойым болған жоқ, ешқандай күмән болған жоқ. «Біз міне әуежайдамыз. Қазір ұшаққа отырып, кетіп барамыз. Қызыңды көргің келсе Қазақстанға қайт, 4-5 күннен кейін мен саған взиа мен билет жасап беремін» деді. «Мен тірі жүргенше бұл қыз Египеттен шықпайды, мен өлсем ғана оны көре аласың» деді», — деп көзіне жас алды Гүлназ Қайырбаева.

Что думаете об этом?
Нравится 3
Мне все равно 11
Забавно 5
Сочувствую 0
Возмутительно 2