Аралдық жас әнші Әлімжан Кеңес жақында эстрадағы ағалары жастарға жол бермейтінін айтып, назын жеткізген. Мұны естіген Саят Медеуов жауап қатты, деп хабарлайды Экспресс К.
«Бізде екі-ақ микрофон қалған ба? Өткенде концерттен кейін қалдырып кетіп емдім ғой. Әлде Мейрамбек Беспаев екеуінде алып кетті ме?» — деп сарказммен жауап қатқан.
Бұған дейін Әлімжан Кеңес концерттерге шақырмайды. Жаңа жылдық түсірілімдерден де қалыс қалып жүрміз деген. Ол мұның себебін өнердегі ағаларынан көріп отыр.
Яғни бұл жағдайға алдыңғы буын әншілердің жастар жайлы айтпайтыны, жарнама жасамайтыны себеп деп санайды. Әсіресе, Мейрамбек Беспаев пен Саят Медеуов ағаларына ренжіген еді.