Балаңыздың гей немесе лесбиянка екенін білсеңіз не істеу керек? Психолог жауап берді
Қазіргі таңда елімізде трансгендерлердің көбеюіне не себеп? Мұны қандай да үрдіс деуге келе ме? Гей, лесбиянкаларды психологиялық аурумен ауырады деп айта аламыз ба? Осы және өзге де сұрақтарға психолог Мира Әбішева жауап берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Фото: pexels
- Бұрын 20 шақты жыл бұрын «гей» сөзі айтуға келмейтін, ұят болып саналатын. Ал қазір көпшілік оны ашықтан ашық айтатын болды. Бұл қандай да бір хайпқа жатпай ма? Әлде бізде гей, трансгендер, лесбиянкалар бұрыннан көп пе?
- Негізі бұрында да болған нәрсе. Тек оған көп қарсылық болды. Әлі де Қазақстанның ережелері бойынша, заңы бойынша ашық гейлерге бізде рұқсат жоқ. Википедияны, заңды алып қарастыратын болсақ бізде ондай нәрсе жоқ. Негізінде, бұрыннан да болған деп ойлаймын. Өйткені, психолог болғаннан кейін түрлі адамдарды көресің. Адамдар негізі тіпті газет арқылы өзінің құпияланған орынды немесе қаланың ішіндегі орын, кафе, сөздер арқылы іздеп, табатын болған. Жұп болған гейлер немесе лесбиянкалар егер өздерінің тарапынан Қазақстанда қысым көрмесе олар тұра береді. Егер қысым болатын жағдайда олардың басқа елге көшкен жағдайлар бар. Сондықтан да бұрыннан да көп деп айта аламын. Біздің қоғам бәрібір дәстүрлі қоғам деп ойлаймын.
- Көк теам сайтының хабарлауынша біздің елде 1,5 млн астам гей, лесбиянка, бисексуал, трансгендер өмір сүреді. Дегенменде, каминг аут жасайтындар өте аз. Көбінесе олар каминг-аут жасауға қорқатын сияқты. Сіз қалай ойлайсыз?
- Шынымен каминг-аутты жасау өте қиын нәрсе. Өйткені, өзіңіз көріп тұрғандай бізді туғаннан идентификациямызды көрсетеді. Егер ел бала болса оны максималды түрде ер баладай өсіреді. Қыздарды қыз баладай өсіреді. Ал енді өсіп келген кезде ер адам ер адамға ғашық болған кезде біздің жүйе қатты шатаса бастайды, бұл түсініксіз болады. Сондықтан оны кейбір адамдарға қабылдау қиын болады. Каминг-аутты жасау көп адамға қиындық тудырады. Өйткені, кейбіреулері достықтан, туысқандықтан бас тартуы мүмкін. Сол қатынасты жоғалтпау үшін шындықты айтпайды, каминг-ауттан бас тартады. Бұл бірінші себеп. Ал екінші себеп ол әрине әлеуметтік деңгейде қарама-қайшы қиындықты туыдарады деп ойлаймын. Булинг болуы мүмкін немесе жұмыс орында болуы мүмкін.
- Бұрындары гей, лесбиянка, бисексуал, трансгендер дегендерді психологиялық аурумен ауыратындар дейтін, қазір олай емес секілді. Психолог ретінде не айтасыз?
- Бұрында солай ойлайтын, иә. Бүгінгі заманда олай деп айтпайды. Неге айтпайды? Өйткені бәріміз қазір бір-бірімізді әртүрлі адам ретінде қабылдауға үйреніп жатырмыз. Өйткені, толеранттыққа қатты ұмтылып жатырмыз. Баға бермеуге, сынамауға, кінәлауға деген сияқты. Сондықтан да әрбір психологтың өзінің позициясы бар, оларды да түсінуге болады. Өз басыма бұл сұраққа жауап беру өте қиын. Менің мақсатым – барлық адамдарды мүмкіндігінше қабылдау.
- Мысалы, ата-ана баласының өзгеше екенін, айрықша екенін түсінгенде не істеуі керек? Қандай психологиялық кеңес айтар едіңіз? Ұрып тастап жататындарын немесе жындыханаға салып жататындарды да естіп жатамыз.
- Әрбір отбасында өзінің қарым-қатынастары болады. Кейбір жағдайларда әкелер тіпті араласпайтын деңгейлерге жетеді. Анасы хабарласып, байланыста болуы мүмкін. Психолог ретінде айтатын болсам, ата-анада екі ғана шарт бар. Баланы шексіз жақсы көру және баланы шексіз қабылдау. Ол қандай бала болса да. Өйткені, ата-анадан басқа өз баласын қолдайтын ешкім жоқ деп ойлаймын. Сондықтан да бұл жерде ең бастысы қарым-қатынасты жоғары деңгейде бағалау деп ойлаймын.
Ұрып жатқандарын, жындыханаға жатып қандарының естуім бар. Әрине бұл өкінішті-ақ. Ол адамдарда басқа нұсқа болмаса, менің сөздерім оларға қалай жүреді деген өз-өзіме сұрақ қоямын.
Шын мәнінде терең қарайтын болсақ, әрбір ата-ана баласының құрметтегенін, рақметін айтқанын күтеді. Ертең сіздер қартайған кезде балаларыңыздан қандай қарым-қатынасты күтесіз? Ұрып соғуды ма, әлде жақсы қарым-қатынасты ма?
Соңында қалатыны қарым қатынас. Сондықтан да бұл сұраққа толерантты түрде жауап бергім келеді. Мен соны қолдаймын, не қолдамаймын дегім келмейді. Егер мен оны жамандайтын болсам, онда жаман маманмын деген сөз. Әрбір келген адамды ауру деп санайтын болсақ, оған адамдар сенімен жұмыс жасай алмайды. Ең басты мақсат – әрбір психолог оның ондайға келуіне не себеп болғанын анықтауы қажет. Осы себептерді анықтағаннан кейін ол не істегісі келеді? Қалай өмір сүргісі келеді? Сондай сұрақтарға жауап алуға тырысады.
-
Повзрослевшая Данэлия Тулешова получила множество хейта в свой адрес08.02.2023, 15:10Что говорят астанчане об известном доме с «привидениями»08.02.2023, 11:20Нейросеть назвала причины землетрясений в Турции08.02.2023, 10:10Казахстанку нашли живой под завалами в Турции08.02.2023, 19:35Сирия осталась одна? Голод, разруха, а теперь и землетрясение08.02.2023, 13:00Водитель автобуса смотрел порно за рулем в Астане – видео08.02.2023, 14:28
-
15:25До 480 сигарет в год потребляет некурящий алматинец15:11Новый аким пообещал благоустроить набережную Астаны14:57Ди Каприо заподозрили в романе с 19-летней моделью14:43Троих подростков спасли из-под завалов дома в Турции, где находятся казахстанцы14:29Сотрудники Минздрава продавали лицензии на аптечный бизнес14:15Президент Казахстана поручил направить гуманитарную помощь в Сирию14:00На месте бывшей резиденции президента в Алматы появится парк13:00Полицейские нашли и наказали проституток за обнаженные фото на сайте12:45Житель Хромтау обустроил «умный дом» своими руками12:30Еще трех человек вытащили из-под завалов казахстанские спасатели12:14Активно сносить дома начнут в Казахстане12:00«Приставал к моей дочери»: Туркестанка обвинила полицейского в изнасиловании11:45Казахстанцев предупредили о холере, чуме и лихорадках за рубежом11:31Проблемы с теплом в Экибастузе не смогут решить до конца зимы11:17Четверых педофилов кастрировали в Шымкенте