«Сатушы қыздың қолынан сүйген»: Оңтүстік Кореяда отандасымыз қамауға алынды
Оңтүстік Корея еліне жұмыс істеуге барған отандасымыз қамауға алынды. Бұл туралы @korea_komek Instagram парақшасы жариялады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Фото: pexels
Ақпаратқа сүйенсек, Қазақстан азаматы азық-түлік дүкеніндегі сатушы қызға қырындап, қолынан сүйген.
«Оқиға орнына полиция келген кезде қазақстандық жігіт қашып кеткен. Жедел іздестіру барысында полиция қызметкерлері отандасымызды ұстады. Кәріс қызына қырындаған жігіт уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды», ―делінген мәліметте.
Егер Қазақстан азаматының кінәсі дәлелденсе, ол 1 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасын арқалауы мүмкін екен.
Оңтүстік Кореядағы қазақстандық блогер Самат Ахметовке шет елге нәпақа табуға барған отандасымыз ондағы заңның осыншама қатал екенін білмегенін, басқалар қателігін қайталамауын айтып берген.
«Мен үлкен қателік жасадым. Қыздан кешірім де сұрадым. Кореяның заңы осыншама қатал екенін, бір ғана қолынан сүйгенім үшін қамауға алынатынымды білген жоқпын. Басқа жігіттерге айтарсыз, олар мен жасаған қателікті қайталамаса екен»,― дейді қамауға алынған қазақстандық.
-
«Әншілер, Меккеге емес, ата-әжелеріңнің зиратына соңғы рет қашан бардыңдар?» – журналист30.01.2023, 01:204-летний мальчик утонул в бассейне фитнес-клуба в Шымкенте30.01.2023, 12:22В полиции прокомментировали шокирующее фото с якобы принимающей наркотики девочкой30.01.2023, 19:35Водолаз спас идущую ко дну женщину в Каспийском море30.01.2023, 00:15Россияне продолжают заезжать в Казахстан с буквой Z30.01.2023, 12:10Мужчина заснул в заведенной машине и не проснулся30.01.2023, 16:45
-
06:00Прогноз погоды в Казахстане на 31 января05:00Секретный туннель обнаружили полицейские в Акмолинской области03:00В Казахстане легализовано почти 7000 авто с иностранными номерами00:00Три микрорайона в Шымкенте могут уйти под воду