суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-6oC
×

2022 жылы ата-ана атанған жұлдыздар

Барыс жылы - қиын жылдардың бірі болды, бірақ жағымды жаңалықтар да жоқ емес. Мысалы, көпшілік отбасы перзент сүйді. Біреулер тұңғыш рет ата-ана атанса, басқалары көпбалалы ата-ана болды. Massaget 2022 жылы ата-ана атанып, сүйінші сұраған жұлдыздарға тоқталып кетті.

Отандық танымал блогер Айсәуле Бақытбек 2022 жылдың қаңтар айында қызды болды. Сүйінші хабарды Айсәуле Бақытбектің бөлесі Аша Матай жеткізген. Ол жас ата-ананы құттықтап, қалың көпшілікке қуанышты жаңалықты жария етті. Сонымен қатар, жаңа туған нәрестенің нағашы әжесі Баян Алагөзова да желіде қуанышты бөліскен болатын.

«Бүгінгі түн ұзақ болды. Менің қызым ана атанды. Бізде сұлу қыз дүниеге келді. Анасының да, қызының да жағдайы жақсы. Біз бақыттымыз», - деп жазды продюсер.

Айсәуле Бақытбек қызын Сафия деп атады.

Танымал актер, ақын әрі сазгер Рамазан Амантай сәуірде әке атанды. Ол оқырмандарынан сүйінші сұрап, жазба қалдырған болатын.

«Сүйінші ағайын, қызды болдым! Баланың да баласы бар. Рамазан айы Рамазанның айы болды. Аллаға мың да бір шүкір. 2 сәуір, Ораза басталғанда түнгі 00:56 да, салмағы 3540 грамм, бойы 51 см періште шыр етті. Болат Несібелі Рамазанқызы», - деді әнші.

Рамазан Амантай көпшілікке «Бизнес по-казахски» фильміндегі Еркоштың образында танылды. Көпшіліктің көңілінен шыққаны соншалық, оның кейіпкеріне арнап Қоянбаев бөлек фильм түсірді.

Танымал эстрада әншісі Қуандық Рахым мамырда қызды болды. Әнші 2020 жылы шаңырақ көтерген еді.

Әнші ол кезде Желіде солтүстік өңірде гастрольдік сапарда жүруіне байланысты баласына әлі бармағанын жазған болатын.

«Баламды көрмей тұрып сіздерге келдім, Көкшетау, Петропавл, Қостанай», - деді әнші.

Актриса Жәния Джуринская 2022 жылдың маусым айында ана атанды. Данияр Хизметов пен Жәния Джуринская қызды болды.

Қуанышты жаңалықты Данияр Хизметов Instagram-парақшасында бөліскен болатын.

«16.06.2022 күні сағат 14:57-де біз ата-ана атандық. Махаббатым, рахмет саған», - деп жазды ол.

Жұлдызды жұп қызының есімін София деп қойды.

Бұл айда танымал әнші Мақпал Исабекова да ана атанды.

Қуанышты жаңалықты әншінің өзі Instagram-да жазды.

«Алланың қалауымен ата-ана атандық, ұлымыз дүниеге келді, Машаллах. Жаратушымызға сансыз мадақтар», - деді ол.

Атақты әнші 2021 жылы отбасын құрған еді. Ол ұлына Теодор деген ерекше есім берді.

Маусымда Нұрлан Қоянбаев әке атанды. Жары Әйгерім жолдасына шекесі торсықтай ұл сыйлады. Актер әрі продюсер Қоянбаев көпшілікке қуанышын айтып, сүйінші сұраған болатын.

«Сүйінші, ағайын! Қазақ еліне +1 батыр! Барлық құттықтауларыңызға мың алғыс. Сіздерге де осындай қуаныш тілеймін!» – деп жазды ол парақшасында.

Блогер, актриса Айым Сейтметова тамыз айында ана атанды.

«30.03.2022 жылы мен ана атандым. Дүниеге қош келдің. Иісің қандай керемет еді», - деп жазды Айым Сейтметова инстаграм-парақшасына.

Актриса Айым Сейтметова 2019 жылы қазанда тұрмысқа шыққан болатын. Актрисаның жары - бизнесмен Талғат Итаев. Олар қызының атын Томирис деп қойды.

Актриса «Той любой ценой», «Инстаграмщица», сондай-ақ «Күшiк құда – Квартиранты» сияқты отандық фильмдерге түскен.

Әнші Нұржан Керменбаев қыркүйекте көпбалалы әке атанды. Ол сәбиіне қандай есім бергенін инстаграм-парақшасында жазды.

«Дүниеге Болатбек Имран Нұржанұлы келді. Салмағы 3 келі 50 грамм, бойы 50 сантиметр», - деп қосты Нұржан Керменбаев.

Әншінің оған дейін 2 ұлы, бір қызы бар.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0