пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
0oC
Астана:
icon
-4oC
×

Кореяға жұмыс істеуге кеткен қазақстандық қыз 1,5 жылдан бері табылмай жатыр

Кореяға жұмыс істеуге кеткен отандасымыз бір жарым жылдан бері табылмай жатыр. Шығыс Қазақстан облысының тумасы алғашқы кезде анасымен тұрақты хабарласып тұрған. Тапқан табысын жіберіп отырған. Енді қызынан хабар ала алмай жүргенін айтады. Баласын шарқ ұрып іздеген анамен astana.tv журналисті тілдесті.

Фото: astana.tv.
Фото: astana.tv.

Шығыс Қазақстан облысының тумасы Альбина Кабдулдина есепші мамандығын меңгеріп, сауда үйінде сатушы болып жұмыс істеді. Жолдасы қайтыс болып, 13 жастағы жалғыз қызымен қалады. Анасына баспана алып бермек ниетпен табысы көп жұмыс іздейді. Осы мақсатта 2019 жылы Кореяға кетеді.

«Постоянно связьда болды. Бір емес, екі рет шығатын. Жұмыс орнын көрсететін. Қайда істеп жатқанын, зауыттарын көрсететін. Пандемия уақытында визасымен проблема болды. Сол кезде шыға алмай қалдым деді. Бірақ бастықтары керек затты әкеп береді деді. Пусан, Сеул деген қалаларды ауыстырып отырды жұмыс табу үшін. Үйге қайт дегенде: мам, үйге барғанда не істеймін? табыс жоқ. Әйтеуір келгеннен кейін бірдеңесін жинап, теріп может бірдеңе аламыз деп сондай ниетпен кетті ғой», ― дейді анасы.

35 жастағы Альбинамен байланыс 2021 жылдың 13 маусымында үзілді. Өзін қоярға жер таппаған ана қызын тауып беремін деген айлакерлерге тап болып, 10 млнға жуық ақша берген.

«Уже міне 1 жарым жыл болды. Мен білмеймін қайда екенін...барлық мүмкіндікті жасадық. Дүниенің ақшасын жібердік. Бір әйел болысамын деп тоже отырғызып кетті үлкен ақшаға. Сөйтсе аферистка боп шықты. Енді білмеймін кімге сенуге болады? Қалай іздеуге болады?» ― дейді қыздың анасы.

Анасының баспаған табалдырығы, ашпаған есігі қалмады. Заңсыз мигранттардың құқығын қорғайтын «Корея көмек» қайырымдылық қорының мүшесі Самат Ахметов те отандасымызды іздеуге атсалысып келеді.

«Альбина деген қарындасымызды да ҚР Оңтүстік Кореядағы елшілігі өте жақсы көмектесіп, барлық жерге ақпараттарды таратып, тергеу және құқық қорғау органдарымен 3-4 рет кездесу өткізді. Біздің өзіміз Корея көмек Альбинаның мамасымен тікелей байланыс орнатып, Кореяның 72 мәйітханасына барып, өлгендердің арасында бәлкім бар шығар деп алайда өлгендердің қатарында да, миграциялық бөлімге, түрмеге түскендердің қатарында қарындасымыздың тізімі әлі анықталған жоқ», ― деді Самат Ахметов.

Қазіргі таңда Оңтүстік Кореяда 37 мыңнан астам қазақстандық бар. Олардың 11 мыңы заңсыз мигрант. Жылына сол елде іс-түссіз жоғалатын жергілікті және шетел азаматтардың саны 11 мыңнан асады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 3
Забавно 1
Сочувствую 0
Возмутительно 0