«Жақында менің арманым орындалды. Біз Дубайдан пәтер сатып алдық. Неге БАӘ таңдадың дейсіздер ме? Мен Дубайдағы мүмкіндіктер, оның дамуы мен жылдамдығына қызығатынмын. Және бұл менің таңдауымның жалғыз себебі емес», – деп жазды Айдана.
Әншінің орамал тағып, дінге бет бұрғаны желіде әлі де қызу талқыланып жатыр.
«Орамалға қарапайымдылық жарасады. Қутырған емес», «Жасағандарыңды жария қылып, елдің алдында есеп бермей-ақ қойшы», «Сән көрсетіп жүр ғой», «Орамал тағып алып секеңдеп жүрген дұрыс па?», «Қарапайымдылығың қайда?» – деп айыптады желідегілер.