пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
2oC
Астана:
icon
-2oC
×

Raim Ерке Есмаханмен кездесіп жүргенін мойындады

Raim лақап атымен танымал Райымбек Бақтыгереев өзінің Instagram-дағы парақшасына сүйіктісі Ерке Есмаханмен бірге түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Фото: instagram/raimusican
Фото: instagram/raimusican

Осылайша, жұлдызды жұптың кездесіп жүргені әшкере болды. Десе де өнер иелері ара қатынастарына қатысты ешқандай мәлімдеме жасамады.

Айта кетейік, Ерке Есмахан сүйіктісімен Италияға саяхат жасап, жақында елге оралған болатын.

Raim ― қазақстандық музыкант, әнші, рэп орындаушы. Алғашында «Raim-Artur» тобының мүшесі болған ол көпшілікке «Самая вышка» әнімен танылды. Кейін топ ыдырап, Райымбек пен Артур шығармашылықпен жеке-жеке айналыспақ болып шешім қабылдайды. Қазіргі кезде Райымбек жеке дара әнші ретінде өнер көрсетіп, оның бірнеше альбомі жарыққа шықты.

Что думаете об этом?
Нравится 8
Мне все равно 1
Забавно 3
Сочувствую 3
Возмутительно 4