Қазақтың салт-дәстүрі бойынша Ильиннің қалыңдығына беташар рәсімі өткізілді
Казақстандық спортшы беташар туралы ұсынысты тебіреніспен қабылдағанын жеткізді, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі.

Фото: instagram.com/ilyailyinforever
Ол Instagram-дағы парақшасында бұл ұсыныс «Хабар» телеарнасынан келіп түскенін жазды.
«Қазақ халқының, қазақ жерінің перзенті ретінде салт-дәстүрімізді ардақтаймын! Сондықтан @khabartv @oyanqz арнасы беташар рәсімін өткізуге шақырғанда, ойланбастан келістік!Шынымды айтсам, мен өте риза болдым! Қазақстан халқының қолдауын сезіндім, шынында да елімнің ұлы екенімді сезіндім! Осынау әсем де маңызды салтанатты ықыласпен, үлкен тебіреніспен орындадық. Ал сіздер тамашалап, жас отбасымызға ақ бата берсеңіздер, жаңа шаңырағымызға ақ жол тілеп жатсаңыздар, қатты қуанамыз! Достар, барлық құттықтауларыңыз бен жылы лебіздеріңіз үшін көп көп рахмет!» — делінген Илья Ильиннің желідегі жазбасында.
Сондай-ақ ол алда Құдай үйінде неке қию рәсімін өткізу жоспары барын да жеткізді.
«Биылғы жылдың 12 қаңтарында Таня екеуміз мемлекет алдында некемізді заңдастырдық, бүгін қазақтың салт-дәстүрі бойынша жүрегімізге мөр бассақ, сәуір айында Құдайдың алдында неке байлауымызды бекіткіміз келеді! Баршаңызға шынайы құрметтерініңіз бен қолдауыңыз үшін тағы мың да бір рахмет айтамын! Мен үшін бұл өмірдегі ең қымбат нәрсе! Барлық Қазақстан халқына махаббат, түсіністік және байлық тілеймін! Бақытты болыңыздар!» — деп жазды ол.
Илья Ильин мен Татьяна Гордиенко 12 қаңтарда шаңырақ көтерді. Іскер ару Павлодарда туып-өскен, кейін Алматыға көшіп келген. Одан кейін Астананы бетке алып, сонда өз бизнесін белсенді дамытуға қол жеткізді.
Әлеуметтік желідегілер келіннің бетін ашқан жігіт кім екенін қызықтап сұрастырып жатыр. Видеода оған тележүргізуші: «Бек мырза, рақмет» деп алғыс айтады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
-
Молодую девушку похитили и изнасиловали в Алматинской области29.01.2023, 22:24Уникальные куклы мастерицы из Кокшетау путешествуют по миру29.01.2023, 10:10Неожиданный «сюрприз» обнаружил в холодильнике акима Степногорска журналист29.01.2023, 03:36Новак Джокович обратился к Елене Рыбакиной после финала Australian Open-202329.01.2023, 09:12Ерке Есмахан енді қыз-келіншектерге жас жігіттерді өзіне қалай қаратуды үйретпек29.01.2023, 19:45Аким пересел за руль автобуса в Павлодарской области29.01.2023, 11:54
-
06:37Подросток получила тяжелые травмы на горке в Уральске06:00Прогноз погоды в Казахстане на 30 января05:00Житель ЗКО убил кочергой сожительницу03:30«Бибисара победила заслуженно»: Титулованный шахматист об игре с казахстанской02:25Первая женщина-дрессировщица посетила львов в зоопарке Шымкента01:20«Әншілер, Меккеге емес, ата-әжелеріңнің зиратына соңғы рет қашан бардыңдар?» – журналист00:15Водолаз спас идущую ко дну женщину в Каспийском море