пятница, 3 мая 2024 г.
icon
443.37
icon
474.49
icon
4.83
Алматы:
icon
22oC
Астана:
icon
8oC
1xadv
×

Азамат Мұсағалиев қазақстандық әзілкештерге араша түсті

Отандық шоумен, тележүргізуші Еркебұлан Мырзабек «Замандас» бағдарламасында берген сұхбатында қазақстандық әзілкештерге араша түскен Азамат Мұсағалиевке алғыс білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: Comedy Club Production
Фото: Comedy Club Production

«Қазақ – ұялшақ халық. Бізге үлкеннің айтқаны заң. КВН-да «алып тастаңдар» деген редакторлардың сөзін екі етпейміз. Басқа командаларға қарасаң, өз ойларын айтып, қарсы шығып жатады. Осы тұста бізге көмектескен Азамат Мұсағалиевке алғыс білдіргім келеді. Бізге келіп: «Бұларың не? Өз әзілдерің үшін күресіңдер. Түні бойы жазған еңбектерің бар ғой. Редакторлар «алып тастаңдар» десе, сендер тіпті қарсылық білдірмейсіңдер. Ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін редакторлар емес, қазылар алқасы шешеді», деді. Ол бізге пікір таластыруды үйретті. Бірақ мұнымен асыра сілтеудің де керегі жоқ. Себебі, оны озбырлық деп санауы мүмкін. Бірақ Азамат – жоғарғы лига чемпионы және үздік әзілкештердің бірі болғандықтан, оның өжеттік танытуына болады», – дейді Еркебұлан.

Ресейлік әзілкеш қазақстандық «Спарта» командасының мүддесін қорғау үшін КВН ойынының жүргізушісі Александр Масляковке барған.

«Редакторлардан біздің әзілдерімізді қалдыруды сұрады. Олар келіспей қойған соң Александр Масляковтің өзімен жолығып, біздің шағын қойылымымызды өзі көрсетіп берді. «Әуре болмай-ақ қойыңыз. Бір әзілде тұрған ештеңе жоқ» деген сөзімізге Азамат: «Сендердің жеңіске жеткілерің келе ме?» деп сұрады. Сөйтіп Александр Масляковтің келісімін алып, материалымызды қалдырған болатын. Команда капитаны Данияр Жұмаділов екеуіміз таңғалып қалдық. Содан кейін өз ойымызды жасқанбай айтуды, пікір таластыруды үйрендік», – деді әзілкеш.

Что думаете об этом?
Нравится 2
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 13