пятница, 19 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
14oC
Астана:
icon
14oC
1xadv
×

«5 мың доллар»: Роза Рымбаева мен Төреғали Төреәлі сұхбат бергені үшін гонорар сұрайтыны рас па

Отандық өнер иелері телеарнадағы бағдарламаға қатысу үшін гонорар сұрай ма? «Жаңа қадам» бағдарламасында Роза Рымбаева сұхбат беру үшін 5 мың доллар, ал Төреғали Төреәлінің гонорары 4 мың доллар сұрайды деген ақпарат айтылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram/rozarymbaeva
Фото: instagram/rozarymbaeva

Бағдарлама жүргізушісі Жансерік Байсеевтің айтуынша, той, концерттен бөлек, телеарнадағы бағдарламаға қатысып, сұхбат беруге де гонорар сұрайтын әншілер бар.

«Телеарнада бағдарламаға қатысып, сұхбат беруге де гонорар сұрайтын әншілер пайда болыпты. Біздің редакторлар зерттеу жүргізгенде қоғамдық бағдарламаға қатысу үшін Роза Рымбаева - 5 мың доллар, Төреғали Төреәлі - 4 мың доллар гонорар сұраған. Сонымен қатар Нұрболат Абдуллин - 2 мың доллар, Нұрболат Қанай - 800 мың теңге, Заңғар Нұртас (Қайрат Нұртастың інісі - ред.) - 700 мың теңге, «Диета кз» тобы - 500 мың теңге гонорар сұраған», — дейді бағдарлама жүргізушісі Жансерік Бейсеев.

Бағдарламаға қонақ ретінде келген журналистің бірі мұндай жағдайдың болғанын растады.

«Мен радиода қызмет істеймін. Бір-екі өнер адамы, әртістер сұхбатқа шақырған кезде «Тегін сұхбат па?» деп сұраған болатын. Біз өнер адамдарын бағдарламаға шақыра бермейміз. Керісінше, халыққа танымал емес, басқа кәсіп иелерін шақыруға тырысамыз», — деді радио журналисі.

Что думаете об этом?
Нравится 3
Мне все равно 2
Забавно 64
Сочувствую 2
Возмутительно 0