вторник, 26 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-5oC
×

«Сүйіспеген адамы қалмады»: Тұрсынғали Алагөзов әйелін қызғанатынын айтты

Белгілі продюсер Баян Алагөзованың күйеуі Тұрсынғали Алагөзов сүйіктісін қатты қызғанатынын жасырмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Бейбіт Әлібековтің сұхбатына сілтеме жасап.

Фото: instagram/bayanmaxatkyzy
Фото: instagram/bayanmaxatkyzy

«Баян Мақсатқызымен бірге көп уақыт өткіземіз. Кейде таңғы сағат беске дейін әңгімен-дүкен құрамыз, көп дүниені талқылаймыз. Әйелімді қатты қызғанамын. Егер еркек әйелін қызғанбаса, демек ол оны сүймейді. Соңғы уақытта көп киноға түсті. Түсірілімде сүйіспеген адамы қалмады. Жас жігітпен де, фильмдегі басты кейіпкер, танымал актермен де сүйісті. Бірақ ол жұмыс барысы болғандықтан түсіністікпен қараймын», – дейді кәсіпкер.

«Әйеліңізбен үйлесімді қарым-қатынастың сыры неде?» деген сұраққа Тұрсынғали: «Ең бастысы сыйластық, сенім, мейірім және екеуі бір-біріне кешірімді болу керек. Бірақ оның нақты формуласы жоқ», – деді ол.

Что думаете об этом?
Нравится 29
Мне все равно 7
Забавно 7
Сочувствую 4
Возмутительно 10