Әнші Төреғали Төреәлі әріптесі Ерке Есмаханды тұрмысқа шығуымен құттықтап, жыр арнады. Төреғали Төреәлі жыр шумағын Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
«Ерке қыз, күн қыз, жұлдыз қыз, Алла қосыпты айыңмен. Алла қосса, біз кімбіз?! Бақытты бол Райыммен. Біздерді жұп қып жаратқан, Құдіретті Құдай пайыммен. Дәл солай сені қосыпты-ау, Сахнадағы сай ұлмен. Құттықтайды ТТТ-лар. Болып жатқан тойыңмен», ― деп жазды Төреғали Төреәлі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Естеріңізге сала кетейік, әнші Ерке Есмаханға бірнеше күн бұрын сырға салынып, құдалығы өткен болатын.