суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-6oC
×

«Араласпаймыз»: Тұрсынғали Алагөзов Баянның қыздарымен қарым-қатынасы туралы айтты

Белгілі кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов Баянның қыздары Айсәулемен және Айарумен жақсы қарым-қатынаста екенін айтты, деп хабарлайдыақпарат Stan.kz ақпарат агенттігі Бейбіт Әлібековтің сұхбатына сілтеме жасап.

Фото: instagram.com / bayanmaxatkyzy
Фото: instagram.com / bayanmaxatkyzy

«Біз өте жақсы қарым-қатынастамыз, ортақ қызығушылықтарымыз көп. Қыздарды спортқа баулимын. Бірге шаңғы, сноуборд тебеміз, тауға барамыз. Егер адамға сыни көзқараспен емес, жақсы қарасаң тіл табысып кету оңай. Мейлі, ол адам бір нәрсені дұрыс істемесе де, ара қатынасты махаббатпен бастасаң ол нәрсе өз жемісін береді», – дейді Тұрсынғали Алагөзов.

Бағдарлама жүргізушісінің «Өз балаларыңызбен араласыз ба?» деген сұрағына ол:

«Қызыммен ара-тұра хат алмасып тұрамыз. Ал ұлым маған әлі де өкпелі. Баламмен араласпаймыз. Бірақ, менің ойымша бұл уақытша дүние. Ұлым қазір 26 жаста. Англияда оқыды. Мен оның оқудан тыс уақытта немен айналысып жүргенінен бейхабармын. Бірде мен оған оқытпайтынымды айтып, жүк тасысаң да жұмыс істе дедім. Ол маған қарсы шығып, наразы екенін жеткізді.

Онымен қоймай жаттықтырушы жалдап, оған үйдің кілтін табыстадым. Жаттықтырушы таңғы сағат алтыда үйге келіп ұлымды оятады. Кейін екеуі үш шақырымдай жүгіретін. 17 жасында күреске де бердім. Есесіне қазір ол маған рахмет айтады. Спортпен айналысады, жалпы шымыр болып өсті. Мектеп пен оқу орны білім үйретеді, санауды үйретеді. Бірақ өмірлік сабақтарға, өмірде бәсекеге қабілетті болуды үйрете алмайды. Балаға өмір сүруді үйрету тек әке-шешенің ғана қолынан келеді», – дейді кәсіпкер.

Что думаете об этом?
Нравится 12
Мне все равно 4
Забавно 3
Сочувствую 1
Возмутительно 5