суббота, 18 мая 2024 г.
icon
443.44
icon
480.51
icon
4.88
Алматы:
icon
24oC
Астана:
icon
22oC
1xadv
×

Бір күнде 20 сиыр мен 10 түйе сауатын арыстық келіншек жұртты таң қалдырды

Қалалық Балжан Пірімбетова әуелі сиыр саууды білмеген. Келін болып түскен соң үйренген шаруашылықты әрі қарай дөңгелетіп әкеткен, деп жазды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Фото: kyn.kz
Фото: kyn.kz

Бүкіл бір қожалықтың шаруасын жалғыз өзі атқарып жүрген оның мал шаруашылығымен айналысқанына 15 жылдан аса уақыт болған. Ауылдың тіршілігіне тез сіңісе алмаған келіншекке енесі көмектесіп, төрт түліктің тілін табуды үйреткен.

Оның сөзінше, қыстыгүні түйені бір-ақ рет сауады. Ал жаздыгүні үш мезгіл саууға тура келеді. Сиырды бір мезгіл сауатын әйел бүгінде төрт түліктің ауру-cырқауын да анықтай алады. Мал дәрігерін күтпей өзі емдей береді.

Арыстық сауыншы әйел малмен ғана шектелмей, трактор жүргізіп, жер шаруашылығына да көмектеседі.

«Өзгелер сияқты қалаға баруға асықпаймын. Себебі шаруашылықтың көзін тапсаң, пайда көп. Тек жалқаулыққа бой алдырмау керек. Еңбекке осылай дағдылануым енемнің арқасы», — дейді ол.

«Менің істегенімді әрі қарай жалғастырып алып кетті. Келіндеріме рақмет! Мынадай жерде анау-мынау келін тұра бермейді», — дейді енесі.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 4

В статье: