«Қазақша әндер қоспаймыз» деп қоғамның наразылығын тудырған «Пинта» мейрамханалар желісінің иесі халықтан кешірім сұрап, не себепті бүгінге дейін қазақ әндерін қоспағанын түсіндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Мұны тыйым салу деп айтуға келмес. Қазақтың әндері біздің вайбқа келмейді, өйткені олар көбіне тойға арнап жазылған. Халық наразылық білдіріп жатқан соң, біз өз саясатымызды өзгерттік. Қазақ тілін, қазақ әндерін енгіздік», – деп «Пинтаның» басшысы ретінде көңіл көтеру мекемесінің атынан ресми түрде кешірім сұраған.
Алайда мейрамхана иесі «Біз бұл елді жақсы көреміз, бұл жерде бизнесімізді дамытуды мақсат етеміз», – дей тұра, «қазақ әндеріне тыйым салған жалғыз «Пинта» емес, басқа да ойын-сауық орындары толып жатыр, өйткені қазақ әндері бізге қажет вайбты бере алмайды» деген уәж айтты.