суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-1oC
Астана:
icon
-6oC
×

Косметологтың қызметіне жүгінген келіншектің беті дуылдап, ісіп кеткен

Алматы тұрғыны косметологтар қызметіне жүгінемін деп бармағын тістеп қалды. Айтуынша, тура жаңа жыл қарсаңында жарнамасы жер жарып тұрған косметологты тауып, бетін ылғалдандыратын екпе салдырыпты. Бірақ күн өтпей-ақ өкінген. Өйткені препарат кері әсер етіп, беті дуылдап, ісіне бастаған, деп хабарлайды «31 арна».

Әйел бірден беті мен мойынына дәрі еккен маманға хабарласыпты. Ал ол уайымдамаңыз, бәрі дұрыс, екі-үш күнде жазылады деп басу айтқан. Алайда одан бері үш ай өткен екен. Ісік те, қып-қызыл дақ та толық кетпеген.

Майра Алдамжарова терісін жасартпақ ниетпен тұп-тура жаңа жыл қарсаңында косметолог іздеуге кірісіпті. Сөйтіп, әлеуметтік желіде жарнамасы жер жарып тұрған маманды тапқан. Қабылдауына жазылған. Келісілген күні барып, беті мен мойынына арнайы препаратты салдырыпты. Айтуынша, екпе бір күн ішінде теріге сіңіп кетуі керек. Өйткені бұған дейінгі дәл осындай ылғалдандырудың нәтижесі солай болған. Бірақ бұл жолы сіңбей, қайта ине тиген жердің бәрі түйін-түйін боп қатып қала берген. Сосын алаңдап, бірден косметологқа хабарласыпты. Ол кішкене уақыттан соң сіңіп кетеді деп сендірген. Бірақ түк те өзгермеді дейді Майра.

Майра алғашында ісінген бетін бүркеп, қызыл даққа толы мойнына орамал тағып, жұмысына барып жүрген. Бірақ кейін бір мезгіл көшеге шығуды да қойыпты.

Маман Майраға екпе салғанын растады. Бірақ демалыс болғандықтан жұмысқа келе алмайтынын айтты. Ал Майра 17 қаңтар күні полиция басқармасына арыз жазып қалдырған. Келесі күні сараптама да жасатыпты. Бірақ белгісіз себептерге байланысты екі айдан бері жауабы шықпады деп налиды. Департамент өкілдері болса сараптама қорытындысы ертең қолына табысталады деді.

Министрлік өкілдері де кез келген косметологтан бірінші кезекте сертификатын сұрап, танысып алған абзал дейді. Тек содан соң ғана ем-дом жасатуға кеңес береді. Майра да ақырына дейін күресемін дейді. Өйткені толық ем бір жылға созылуы мүмкін. Сол үшін осындай хәлге душар еткен косметологтан бүкіл ем-дом шарасын мойнына алуды талап етіп отыр.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0