суббота, 20 апреля 2024 г.
icon
446.49
icon
475.38
icon
4.79
Алматы:
icon
20oC
Астана:
icon
18oC
1xadv
×

Айтыскер ақындар жаңадан сайланған депутаттарды мазақ қылды

Парламентке жаңа сайланған депутаттардың ант бергенін әзіл-қалжыңмен жеткізген айтыскерлер көпшілікті күлкіге қарқ қылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақын Жандарбек Бұлғақов, Сырым Әуезхан мен әзілкеш, актер Дәулет Бижанов ант беруге қиналған депутаттарды мазақ қылды.

«Мыңқылдап тұрып ант бердің,

Парлементтен тақ берді,

Секретарша дәптерге,

Жазып берсе де бас әріптермен,

Айт дегенде айтпады, шап дегенде шаппадың,

Жаттағансыз қалай, балабақшаның тақпағын?

Халықта мың сұрақ,

Ант беру бір сынақ,

Барлығын тыңдадық, бір күліп, бір жылап.

Депутат болдың-ау, бір тұрып, бір құлап», – дейді ақындар шенеуніктерді кезек-кезек жырлап.

«Парламенттің көрмеген түрін бұрын,

Біреулерге өзгерді өмір бүгін,

Ақ ниетпен жұмысты бастағайсың,

Ағарып тұр «бежевый» орындығың», – деп айтыскерлер сайлау туралы ойын қағытпа қалжымен жеткізді.

Әлеуметтік желіде айтыскерлердің әзіл-шыны аралас әнін қолдайтындардың қарасы көп.

«Жарасымды, дәл», «Депутаттар сіздердей нық сөйлесе, ант беруден кейін алаңсыз ұйықтар едік», «Керемет, әзілмен шынайы жеткізілді», «Сөз тапқанға қолқа жоқ», «Ризамын», – деп ақындарды қошемеетке бөледі желідегілер.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жандарбек Бұлғақов (@olensoz_kz)

 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 15

В статье: