суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
-0oC
Астана:
icon
-5oC
×

Зағип әнші Кенжебек Нұрдолдай: «11 жасымнан бастап жұмыс істедім»

Қалың көпшілікке әлеуметтік желі арқылы танылған қарағандылық әнші Кенжебек Нұрдолдай Тимур Балымбетовке берген сұхбатында балалық шақтағы қиындықтары туралы сыр шертті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Әкем қайтқан соң мен бір жылдай өзіме келдім. 11 жасымнан бастап отбасыма көмектесу керек екенімді түсіндім. Балалықты да, ойынды да ойлайтындай халде болмадым. Менде үнемі ақша болмайтын. Мектепте балалар әр бейсенбі сайын киноға баратын. Мені өздерімен бірге ертпейтін, себебі менде жолға беретін 80 теңгем болмайтын. Мен ақша табатынмын, табысымды отбасыма жіберемін. Ал бұл туралы ешкім білмейтін», – дейді Кенжебек Нұрдолдай.

Әншінің айтуынша, жасөспірім кезде қатарластары да қатарына сыйғызбаған көрінеді.

«Көбі мені ұнатпайтын. Өкпелетіп, тиісіп кететін кездері болатын. Сол себепті, өкпелеп, көңілім қалып болды. Өкпе-ренішпен өмір сүріп үйрендім. Бірақ тағдырыма ризамын. Есесіне мен әр нәрсенің қадірін білемін. Атақ-даңқ, танымалдықтың қайдан, қалай келіп жатқанын әлі түсінбей жүрмін. Десе де, әрқашан қарапайым болуға, кімге болса да тәкәппарлық танытпауға тырысамын. Мен қандай да бір жетістікке жеттім деп ойламаймын, менің үйренерім, алар асуларым көп. Бұлай дейтінім, мен атақ-даңқтың да, танымалдық пен ақшаның да мәңгілік емес екенін білемін. Олар таусылғанда бір кездері менсінбей қойған адамдармен қалай сөйлесемін?» – дейді әнші.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 2