суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
-0oC
Астана:
icon
-5oC
×

Анара Батырхан бұрынғы жігітіне қол көтергенін мойындады

Танымал актриса, әнші Анара Батырхан «Қыздар-ай» бағдарламасында 5 жылға жуық кездескен жігітімен арақатынасы туралы айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: instagram/anarabatyrkhan
Фото: instagram/anarabatyrkhan

«Менің жігітім болды. Қазіргі Анара ол жігітпен жүрмес еді. Мен ол кезде ақымақтау болдым. Оған деген сезімім болды, себебі 4 жарым, 5 жыл деген бес күн, бес апта емес. Осы уақыт арасында бір-бірімізге бауыр басып қалдық. Менің сол жігітім, қазіргі тілмен айтқанда, абьюзер болыпты. Ондай қылықтарын бір жылдан кейін байқай бастадым. Барлығы қызғаныштан басталды», – дейді актриса.

Анара өзіне қысым көрсеткен жігітке қол көтергенін де жасырмады.

«Неге ол түсірілімге барасың? Бармай-ақ қой, қыдырмайсың. Менімен ғана қыдырасың» дейтін болды. Сөйтіп мен оны ұрдым. Ашуланғаным сонша, кәдімгідей көзін көгерттім. Мен ашулансам, жаман болады. Миымды жеп, ызыңдай беретін. Мен кетіп қалсам, артымнан кешірім сұрап келіп алады. «Мен өлемін, енді қайталанбайды, маған мүмкіндік берші» деген соң қайта қосыласың. Абьюзер жігітпен кезедесетін қыздар, сүйіктіңіз өзгереді деп сенсеңіз, үміттеріңізді үзіңдер. Олар өзгермейді. Сіз ол адамды сол күйімен қабылдайсыз немесе мүлдем қабылдамайсыз, айырылысып кетесіз. Екі жаққа кеткен жағдайда мүлдем қайта қосылмаңыздар. Уақыт өткізіп аласыздар. Бұл менің сіздерге кеңесім», – дейді Анара Батырхан.

Что думаете об этом?
Нравится 4
Мне все равно 1
Забавно 1
Сочувствую 1
Возмутительно 7