суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-6oC
×

«Орысша жүргізе алмаймын»: Әзілкеш Қанат Әлжапбаров бай-дөкейлердің тойын басқармайтынын айтты

Танымал әзілкеш, «Әзіл әлемі» театрының мүшесі Қанат Әлжапбаров «Ұйқым келмейді» бағдарламасында қандай тойларды басқарудан бастартатынын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: instagram/alzhapbarov
Фото: instagram/alzhapbarov

«Бай-дөкейлердің тойына шықпаймын депсіз. Неге?» деген сауалға әзілкеш: «Шақырмайды» деп әзілмен жауап берді.

«Қазір бай-дөкей деп айтпайтын шығар. Бәрінің жағдайы жақсы ғой. Хабарласып, келіскенде орысша басқаратын тойлар екені белгілі болады. Әңгіменің басын орысша бастағанда өзім тойдың қонақтары жайлы сұраймын. «Бізде барынша орысша-қазақша жүргізсеңіз» дегенде мен: «Орысша жүргізе алмаймын. Ертең ұят болып қалмасын» деп бірден шынымды айтамын», – дейді әзілкеш.

Қанат Әлжапбаровты көпшілік қымбат асабалардың қатарынан деп санайды. Бағдарлама жүргізушісінің «Сол рас па? Гонорарыңыз қанша?» деген сұрағына ол: «Мен құныққан адам емеспін. Тойды жақсы жүргізгенім үшін артығымен, үстіне қосып бір миллион, миллион жарым теңге беріп жатады. Бірақ 2-3 миллион алып көрмеппін. 5 сағатқа 3 миллион сұрауға ұяламын», – деп жауап берді.

Сондай-ақ әзілкеш той иелеріне уәде беріп, тығырыққа тірелген сәттерімен де бөлісті.

«Ондай ыңғайсыз жағдай өмірімде бір рет болды. Бір күнде Оралдан бір той, Сарыағаштан бір той алып қойыппын. Шынымен, қателесіп кетіппіз. Кейін той иелерімен келісіп орныма досым Қайрат Әделгерейді жібердім. Сөйтіп арба сынбайтындай, өгіз өлмейтіндей етіп тығырықтан шыққанмын», – дейді Қанат Әлжапбаров.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0