суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
-3oC
Астана:
icon
-6oC
×

Танымал актриса Лидия Ашрапова қайтыс болды

«Қыз-жігіт» атты кеңес-қазақ фильмінде басты рольді сомдаған актриса Лидия Ашрапова қайтыс болды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фильмнен алынған кадр
Фильмнен алынған кадр

Қазақ КСР-нің 88 жастағы еңбек сіңірген әртісі 21 сәуірде қайтыс болды. Бұл ақпаратты оның ұлы Тимур Ашрапов растады.

Лидия Ашрапованың жақындарының айтуынша, ол өмірінің соңғы жылдарында Қырымда өмір сүрген. Алматыға балаларына оралуды жоспарлап жүрген.

Лидия 1935 жылы Якутияның Амга ауылында дүниеге келген. Ташкент хореографиялық училищесінде білім алып, жергілікті филармонияда жұмыс істеген, кейін Қазақ ән және би ансамблінде солист болып, «Қазақфильм» киностудиясында түсірілімдерге қатысқан.

Айта кетейік, актриса 1955 жылы Алматы көркем және шежірелік-деректі фильмдер киностудиясында режиссер Павел Боголюбов түсірген «Қыз-жігіт» атты кеңестік комедиялық музыкалық көркем фильмде басты кейіпкердің ролін сомдаған.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0