четверг, 28 марта 2024 г.
icon
449.58
icon
486.94
icon
4.86
Алматы:
icon
10oC
Астана:
icon
4oC
1xadv
×

Абай облысында жер астынан көне Құран кітабы табылды

Абай облысындағы Қоянбай ауылының тұрғындары жер астынан көне Құран кітабын тауып алды, деп хабарлады Qazaqstan ұлттық телеарнасы.

Олар үй ауласында шарбақ орнату үшін шұңқыр қазғанда көне жәдігердің үстінен дөп түскен. Құранның біраз бөлігі күрек тиіп бүлінген. Ал қалғанын тұтас күйінде аршып алған.

Кітаптың қай ғасырға тиесілі екендігі белгісіз. Бірақ әбден ескірген беттерінен жазулары анық көрініп тұр. Тапқандар оны енді зерттеу үшін мамандарға беруге дайын. Жәдігер шыққан маңда ежелде мешіт болған деген болжамдар бар.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 1