суббота, 10 июня, 2023
icon
445.62
icon
479.4
icon
5.4
Алматы:
icon
28oC
Астана:
icon
17oC
Подпишитесь на нас:

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева өзіне ауыр ота жасалатынын айтты

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева қатты сырқаттанып қалғанын айтып, өзіне ауыр ота жасалатынын жазды, деп жазады Nege.kz.

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева өзіне ауыр ота жасалатынын айтты

Фото: Instagram/@zhuldizay_duisenbieva

Ол басқа амал қалмағанын және ауыр дерттің өзімен бірге туғанын, бірге кететінін де жеткізген. Әртістің жазбасы қалың оқырманын алаңдатып қойды.

«Не болып кетті? Қашан жазыламын? Қысқасы, ота жасайтын болды. Аллаға тәуекел, дұғада болыңыздар. Миллионның бірінде болатын сырқат. Қандай да секундтар жүрегімнің соқпай қалатын кезі болады. Сондықтан маған ұшаққа көп отыруға болмайды. Ол емделмейді, менімен бірге кететін сырқат. Аса қауырт болмаса, ұшаққа мінбеймін. Ал енді қауырт кезде ұшаққа мініп, иманымды үйіріп, мінгеннен сүрелерді оқимын. Түскенше ешкіммен сөйлеспеймін, теледидар да көрмеймін, тамақ та ішпеймін», – деп жазды Жұлдызай Дүйсенбиева.