понедельник, 7 октября 2024 г.
icon
481.84
icon
531.33
icon
5.07
Алматы:
icon
16oC
Астана:
icon
10oC
×

«Домбыраны қорлады»: Айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай FlyАrystan қызметкерлеріне ренішін білдірді

Айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай әуежайда FlyАrystan қызметкерлері домбыраны ұшаққа кіргізбей, өзін жұлқылағанын айтып, көз жасына ерік берді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Фото: almaty.tv
Фото: almaty.tv

«FlyАrystan компаниясының қызметкерлері «домбыраны ұшаққа кіргізбейсің» деп елдің көзінше мені, сосын домбырамды жұлқылады.

Мені жұлқылаған екі қыз маған әлі келмеген соң, күзетті шақырды. Ол қыздардың жағама жабысқанына қарамай домбырамды Астанаға өзіммен бірге ұшақпен алып келдім!

Маған «бұл компания кімдікі екенін білесің бе?» деді. Маған кімдікі болса да бәрібір. Халыққа қызмет ету керек.

Әбден есіріп,елдің құқығын таптап ақшасын жеп жатқан осы компанияға тоқтау салатын біреу бар ма?!» — деді ақын.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 10
Сочувствую 0
Возмутительно 1