понедельник, 25 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
3oC
Астана:
icon
-1oC
×

«АҚШ-тың қару-жарақтарын шашып, жинау қиынға соқты»: Ақтаулық сержант Американың үздік әскерін шаң қаптырды

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының 3-сыныпты сержанты Ермек Зайлағи Аризона штатында Ұлттық гвардия базасында өткен "Үздік жауынгер-2023" байқауында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: Massaget.kz
Фото: Massaget.kz

Жарыста Америка Құрама Штаттарының үздік командалары бақ сынаған. Ал Қазақстанның атынан 2 әскери қызметші қатысты. Оның бірі, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының кіші сержанты Нәзира Әлбосынова болса, екіншісі «Батыс» өңірлік қолбасшылығының сержанты Ермек Зайлағи. Жарыста атыс дайындығы, спорттық жарыс, жорықтық жүгіру, байланысқа шығу сияқты 15 номинация бойынша Ермек алдына жан салмаған.

«Әскери киіммен және 15 келілік жүкпен 20 шақырым жүгірдік. Америкалық қарсыластарым 17-ші шақырымнан әрі қарай аса алмады. Мәреге бірінші болып жеттім. Мен үшін байланысқа шығу және АҚШ -тың қару-жарақтарын шашып-жинау қиын болды. Өйткені біздің Қазақстан қарулы күштерінде ондай қару, ондай байланыс құралдары болмағандықтан қиындық тудырды»,— дейді Ақтау қаласындағы 27/744 әскер бөлімінің дивизион сержанты Ермек Зайлағи.

Ермек қатарластарының арасында ептілігімен және төзімділігімен көзге түскен. «Әскер тарланы» деген атағы да бар.

«Ермек Зайлағи спортқа жақын әскери қызметші. Футболдан, қоян-қолтық ұрыстан жетістіктерге жетіп жүр. Ол қызмет барысында үздік нәтижелерге қол жеткізген жауынгер. Мамандығының хас шебері»,— дейді Рүстембек Дәрменбаев зениттік дивизион командирінің тәрбие және идеялогиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары.

Ермек Зайлағи былтыр «Қазақстан қарулы күштерінің үздік сержанты» байқауының абсолюттік чемпионы атанған.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0